Өлкетану Әдеби әлем жергілікті ақын- жазушылар кітабы тізімі

Ақын- жазушылар кітабы

 

84Қаз7-5

И 83  Нүсіпбек Исахметов

Тағдыр: Өлеңдер.- Алматы:Жалын ,1989.-128 бет

ISBN 5-610-00302-4

Бұл жинаққа  автордың  кейінгі жылдарда  жазған туған жер, адамгершілік  , махаббат жайындағы жырлары енгізіліп отыр.

 

84Қаз7-5

И 83  Нүсіпбек  Исахметов

Шағалалы шалқар: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы ,1988.- 88 бет , сурет

ISBN 5-605-00067-5

Н.Исахметовтың  «Шағалалы шалқар» атты  бұл жаңа жинағына  әр түрлі  тақырыпта  жазған  өлеңдері еніп отыр.

Ақын  өз жырларында  шынайы достықты , жасампаз өмір жарастығын , бүгінгі  замандастар  бейнесін  жасайды.

 

84Қаз7-5

И 83 Нүсіпбек  Исахметов

Тұлпардың дүбірі: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы:«АнАрыс» баспасы, 2006.-264 бет

ISBN9965-00-975-9

Марқұм Нүсіпбек Исахметовтың  бұл кітабына  биік адамгершілік  қасиетті , адалдықты, достықты, туысқандықты , ынтымақтылықты, әсіресе, туған жерге  деген  шынайы  сүйіспеншілікті  жырлайтын  өлеңдері , балладалары мен толғаулары енгізілді.

Ақынның  қалың  оқырманға  арналған  бұл туындылары бұрын  жарық көрген  жинақтарынан  іріктеліп алынды.

 

84Қаз7-5

И 83  Нүсіпбек Исахметов

Ой тамшылары(лирикалық толғаныстар)  Алматы: Шартарап,2001.- 112 бет

ISBN 9965-428-75-1

Нүсіпбек Исахметов – поэзия  әлемінде  өзіндік  өрнегімен із қалдырған дарынды  ақын еді.

Нүсіпбек Исахметов- поэзия әлемінде  өзіндік өрнегімен  із қалдырған дарынды  ақын еді. Туған ел  мен  жерге  деген  ыстық ықыласы соңғы демі біткенше  бір үзілген  емес.

Бұл жинаққа  марқұмның  әр жылдарда жазған  махаббат , туған жер, табиғат , адамгершілік туралы  жырлары  енгізіліп отыр.

 

84Қаз7-4

К82 Кененқызы Төрткен

Кенен ата.Естелік-эссе.- Алматы: Қазығұрт баспасы,2005 .- 224 бет

ISBN 9965-22-048-4

Бұл кітапта  тоқсан жастың төрінде де  домбырасын  серік  еткен  Қазақстанның  халық ақыны, сазгер , әнші  Кенен Әзірбаевтың дос- жаран, ағайын- туысқан  арасындағы , қалыпты өмірдегі  болмыс –бітімі кеңінен әңгімеленеді. Біртуар тұлғаның  былайғы  жұртқа  беймәлім отбасы, ошақ қасындағы  тұрмыс- тіршілігі, мінез-құлқы, қарым- қатынасы жан-жақты баяндалады.

Өнегелі әкеге ұқсап бағуға тырысып өскен  сүйікті  әнші қызы Төрткеннің бұл естеліктері үй-ішілік әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерді барынша қамтыған шыншыл, қарапайымдылығымен  де өте құнды.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

84(5Қаз)

К30    Кененқызы Төрткен .

Кенен.естелік-эссе.- Алматы:Жалын баспасы  ЖШС,1998 -176 бет

ISBN 5-610-01336-3

Тоқсан жастың  төрінде де домбырасын  серік еткен  Қазақстанның  халық ақыны , сазгер , әнші  Кенен Әзірбаевтың дос- жаран , ағайын- туысқан  арасындағы , қалыпты өмірдегі  болмыс –бітімі кеңінен әңгімеленеді. Біртуар тұлғаның  былайғы  жұртқа  беймәлім отбасы, ошақ қасындағы  тұрмыс- тіршілігі, мінез-құлқы, қарым- қатынасы жан-жақты баяндалады.

Өнегелі әкеге ұқсап бағуға тырысып өскен  сүйікті  әнші қызы Төрткеннің бұл естеліктері үй-ішілік әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерді барынша қамтыған шыншыл, қарапайымдылығымен  де өте құнды.

 

83.3.Қаз

К30    Кененқызы  Т

Екі Кенен тумайды.- Алматы :шартарап,- 2001.- 160 бет

ISBN 9965-428-73-5

КененӘзірбаевтың бұл жинағына  ақынның  көзі  тірісінде  бірге болған , бірге жүрген , қолынан ет асап, дәм татқан , әңгімелерін тыңдап , үнін естіп  тәнті болған  көптеген  іні, бауыр , жерлестерінің , балаларының , замандас  ақын, сазгер, жазушылардың  жазған естеліктері енгізілген.

Кітап халқымыздың өнері мен өнерпаздарын құрмет  тұтатын жалпы  оқырман  қауымға арналған.

 

84 Қаз7-5

Б59   Медеу Биғайша

«Ақ боз аты  арулар» жыр жинағы.Т1.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2011 .-154 бет

ISBN 978-601-03-0117-7

Автордың бұл жинағына  сонау Х-ХІІ ғасырдан бастап сақ  қыздарынан бастап  осы күнде аттқа мінген арулар жайлы жырлаған поэма, дастан, өлеңдері енген.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

84 Қаз7-5

К33  Кеңесбай  Өтеуіл

Сезім құдіреті.- Алматы: «NV-Servise» ЖШС,2007 жыл.- 293 бет

Автордың бұл еңбегі  негізінен    туған жер, табиғат, көңілкүй және  арнаулардан тұрады. Тілі шұрайлы , ойы терең.

Оқырмандардың  ойынан  шығады деген  сенімдеміз.

 

84(5Қаз)7-4

Е77    Ерікқызы Эльмира

Шапағат: проза.- Алматы: Жалын баспасы ЖШС.2011 .-288 бет

ISBN 978-601-7286-17-0

Ананың  ұлықтығын, ғашықтықтың құдіреттілігін, тіршілік түйткілдерін әдемі  жеткізе білген жазушының  бұл  шығармалары оқырман  жүрегіне  жол табарына сеніміміз  кәміл.

Кітап көпшілік  оқырман  қауымға арналған

 

 

84(5Қаз)7-4

Е77    Ерікқызы Эльмира

Ана жүрегі.- Алматы: «Fsu Pictures»ЖШС ,2010-202 бет

Оқырмандарға ұсынылып отырған бұл кітапқа жас жазушы Эльмира Ерікқызының тырнақалды туындылары енгізілген,

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

84Қаз-7

Қ93    Құрманғалиқызы Әмина

Біз де қайттық өмірдің  базарынан- Алматы: «Асыл кітап» баспасы, 2012.- 584 бет

Бұл жинағына  республикалық  баспасөз  беттерінде  жарияланған  және  бұрын  еш жерде  жарық көрмеген  өлеңдері , толғаулары, эсселері мен өзіндік  ой-түйіндері кіріп отыр. Ақын  өлеңдерінен  адамзат  тән сезімнің  алуан  қырлары  терең толғаныспен төгілсе, естелік- эсселерінде заман келбеті, замандас  тұлғасы шынайы сомдалады.

 

 

84Қаз-7

Ж56      Құрманғалиқызы Әмина

Жеті  ата Жолымбетке құйған нұрын:  Тарих-көркем шежіре. Ә.Құрманғалиқызы – Алматы : «Асыл кітап» баспасы, 2013. -576 бет (+ 48 бет жапсырма)

ISBN   978-601-7367-31-2

Бұл кітапта қара ормандай қалың Найман руының үлкен бір бұтағы Жолымбет ата ұрпақтарының шежіресі беріледі.  Шежіре болғанда жай тізбе емес тарихи –көркем шежіре. Сонау аңыздан бастап, ақиқатқа дейінгі уақиға желісі алтын өрмектей тартылып, оқырманды иірімдей тартады.

Кешегі зұлмат жылдар мен зобалаң күндер қасіретін жалпылама емес, өзәке- шешесінің , ата-бабасының басынан өткен шындық  тұрғысынан  суреттеп жазады. Тілі –көркем, уақиғасы- шындық. Кітап құндылығы сонда.

 

84Қаз7-5

Ж 81 Жұмабай Мақпал

Қырандар мен қазақтар:Өлеңдер .- Алматы: «Өлке», 2008.-80 бет

ISBN   9965-742-66-9

Ақындар қашанда өз дәуірін, туған жері мен халқын жырлайды. Заманның көкейтесті ойларын айту-олардың парызы. Жас ақын Мақпал Жұмабай осы  үдеден шыққан. Ол  поэзияға өзіндік азаматтық  үнімен келген. Қолдарыңыздағы тұңғыш жыр жинағы соның дәлелі.

Әр ақын  ақиқат пен шындық үшін күрессе, Мақпал да шым- шытырық тіршіліктен жақсылық іздейді, адамдарды адалдыққа шақырады.Осы арқылы  өлеңдегі  ұстанымын айқын танытады.

Жас қыздың өмірге деген іңкәрлігі , ғашықтығы оқырманына ой салса керек. Мақпалдың мөлдір, таза жырлары жүректерге  үміт  сәулесін тамызарына сеніміміз мол.

 

 

84Қаз7

А45   Албан Кеңес./құраст.Р.Айдарбекова.- Алматы: Үш қиян, 2007 жыл.- 144 бет

ISBN 9965-738-20-3

Осы  кітапта  Іле  ауданының «Құрметті  азаматы» сазгер әрі ақын Кеңес Алпысбайұлы Алпысбаевтың жүріп өткен  өмір жолы кеңінен  баяндалады, әрі өзінің шығармалары оқырмандарға ұсынылады.

 

 

 

84Қаз7

Қ88    Құбашева Гүлзада

Інжуге іңкәрлік:Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы: Сигнет-Принт,2009.-216 бет

Автордың бұл екінші  жыр топтамасына  соңғы жылдары жазылған ойшыл, сыршыл  өлеңдерімен қатар, «Қос ғашыққа ие болған  бір жүрек» атты поэмасы енгізіліп отыр.

 

 

84Қаз-7

Ғ56  Нұртуғанова Үміткен Мағазқызы

Ғұмыр дария.- Алматы :Дулат, 2012 жыл.- 112+48 жапсырма бет

ISBN 9965-9966-8-7

Өзінің  бар саналы  ғұмырын  бұрынғы Кеген, қазіргі  Райымбек  ауданында  өткізіп, партия, кеңес қызметтерін  үлкен жауапкершілікпен  атқарған , адал еңбегімен , жомарт жүрегімен еліне сыйлы болған аяулы азамат  Рәсілбай Әділхановтың ұлағатты ғұмыры , отбасындағы өнегесі осы  кітапта баяндалады.  Сонымен  бірге оның жұбайы Үміткен Мағазқызының өмірінің кейбір сәттері де сыр шертіледі.

 

 

84Қаз7-5

А14    Абрахманов Ануар

Қордай белестері: Әңгімелер, өлеңдер жинағы.- Алматы ,1999.-114 бет

Автор бұл жинағында  кір жуып кіндік кескен   Қордай  жерін,туған елге , анаға , туысқа  деген сағынышын қысқаша әңгімелер арқылы жеткізсе, замандастарына арнау, естеліктер , өлеңдер арқылы  өз ойын , махаббатын жеткізген.

 

 

84Қаз7-5

А14    Абрахманов Ануар

Наурызбай батыр: Ерлік дастаны.- Алматы: ПД «Домино» 2004 .-88 бет

ISBN 9965-27-107-0

Автордың  «Наурызбай батыр»  ерлік дастанымен  өлеңдер  жинағы, қазақтың байырғы  он бір  буынымен  жазылған. Тілі жатық , оқырманды өзіне тарта біледі.

 

84Қаз7-5

А14    Абрахманов Ануар

Жалмырза батыр.- Алматы: Стека баспаханасы,2000 жыл.-32 бет

Жалмырза батыр  жоңғармен шайқаста шайқаста бесрет жекпе-жекке шығып, ел алдында жау жағадан  бөрі етектен дегендей, сонау ақтабан шұбырындыны  бастан аяқ басынан өткізіп, ақыры сол ауыл тегі жалмырза атасы аталып, кейінгі жасалған тізімде 110-дай түтінге жетіпті. Жалмырза батыр туралы  кейінгі  жастарға түсіндірмек мақсатта жазылған.

 

84Қаз7-5

А14    Абрахманов  Ануар

Ескірмеген естелік : Әңгімелер , өлеңдер жинағы.- Алматы, 2011 жыл.-175 бет

Автордың  осы еңбегінде   елі-жері, туған жері , анасы жайлы естеліктері жинақталған . «Қордай белестері», Жаныстың ішіндегі «Бұқар бұтақтарының» үш шежіресін құрастыруға өз үлесін қосқан  жанның ақындығы да, жазушылығы да бар.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

84Қаз7-5

М92     Мұхтархан Қалиұлы

Аңсап күткен  арманым: Өлеңдер .- Алматы,2010 жыл.- 150 бет

Жинаққа ақынның туған жер, заман қоршаған  ортасы  туралы өлеңдері  енді. Мұқтарханның  ұйқастары  шымыр, сезім толғаныстары ой салатын , сезімнің жылы  ағыстарына  толы.

 

84Қаз7-5

М92    Мұқтархан Қалиұлы

Менің сыршыл жүрегімнен тамған тамшылар: Өлеңдер, толғаулар , поэмалар.- Алматы, 2012 жыл.- 196 бет

Жинақта  автор ата-бабалар рухына тағзым етіп, елім деп еміреніп, жерім деп  тебіреніп өлең маржанын  тізіп,  жыр  лағылын  тереді. Кітап өлеңді  сүйер , поэзияны  құрметтер  барша  қауымға арналады.

 

74.261.7

А13   Абдыракын  Нұрқалық

Қазіргі қытай тілінің  грамматикасы: оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті,2010.- 286 бет

ISBN 9965-29-530-1

Оқу құралында  қазіргі қытай тілінің  морфология, синтаксис салалары қарастырылған.Сондай-ақ сөзжасам, қазіргі  қытай тілі  грамматикасының ерекшеліктері, сөз таптары, сөз тіркестері , сөйлем және  оның түрлері, сөйлем және оның түрлері,сөйлем мүшелері мен сөздердің рет- тәртібі т.б баяндалған. Оқу құралы жоғары  оқу орындарының шетел  филологиясы, аударма  ісі мамандығы бойынша  білім алып жатқан студенттерге , сонымен  қатар  магистранттарға және  ізденушілер мен қытайтанушы  мамандарға арналған.

 

84Қаз7-44

А13 Абдырақын  Н.

ISBN 978-601-7130-53-4

Иірім.Роман/Нұрқалық Абдырақын.- Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010.-144

Бұл романда  шетте жүріп , тәуелсіздік аңсаған алыстағы  қандасымызхдың  ой иірімі , тіршілік  тынысы , сөз болады. Елге оралғаннан кейінгі  , қазақ  қоғамындағы  кездескен  қиындықьарды , түсінбеушіліктен  туындаған  қағаз бастылықты  көркем тілмен баяндайды. Бас кейіпкері  - қазақтың  қарапайым бір баласы. Айтар ойы- ғұмыр сүрудің мәні. Өмірдің күнгейі мен теріскейін  таразыға  сала отырып, Отан құшағына  оралу  жолындағы батылдығы мен тәуекелі тамаша суреттелген.

 

83.3

А13 Абдыракын Н.

Жаңа заман Қытай  әдебиеті: Оқу құралы.-Алматы : Қазақ университеті,2013.- 254 бет

ISBN 978-601-247-694-1

Бұл оқу құралына  жаңа қытай  әдебиеті(1917 жылдан кейінгі) негізге  алынған. Оған кезең – кезеңдер бойынша  жаңа заман  қытай  әдебиетінің  даму тарихы, әр кезеңдегі  ақын,  жазушы, драматургтердің  өмірбаяндары және  шығармашылықтары, сонымен  бірге  классик  жазушылардың таңдаулы  туындыларының  аудармалары енгізілген. Оқу құралы  жоғары  оқу орындарының  шетел филологиясы , аударма ісі, шығыстану бойынша  білім алып жатқан  студенттеріне , сонымен  қатар магистранттарға  және  ізденушілер  мен  қытайтанушы  мамандарға арналған.

 

91

А13  Абдурақын Н.

Қытай –қазақ фразеологиялық сөздігі /құраст. Н.Абдурақын.- Алматы : Қазақ университеті,2012.-178 бет

ISBN 978-601-247-576-0

Бұл сөздік –құнды әрі сұранысқа  ие еңбек. Сөздіктің ерекшелігі – филологтар, шығыстанушылар  мен аудармашылар үшін кеңінен  қолданыста болатындығында.Сөздік  студенттер  мен филологтардың жұмысын  жеңілдетуіне, сөздік қорларын  молайтуына мол көмек көрсетеді. Сонымен  қатар  бұл сөздік  жоғары оқу орындарының  шетел филологиясы, аударма  ісі  мамандығы бойынша  білім алып жатқан студенттерге , магистранттарға және  ізденушілер мен  қытайтанушы  мамандарға арналған.

 

82

Қ62   Қытай мифтері: оқу құралы/ Құрастырған әрі түпнұсқадан  аударған Н.Абдырақын.- Алматы: Қазақ университеті,2012.- 208 бет

ISBN 978-601-247-669-9

Оқу құралына қытай  халқына  кеңінен тараған  мифтердің  аудармалары  негіз етілген.

Еңбек  жоғары  оқу орындарының  шетел филологиясы , аударма ісі,  шығыстану бойынша  білім алып  жатқан  студенттерге , сонымен  қатар магистранттарға және  ізденушілер мен  қытайтанушы мамандарға  арналған.

 

91

Э35    Экономика және мұнай-газ  саласындағы  қытайша- қазақша-орысша, қазақша-орысша-қытайша  терминдер сөздігі/ құраст.авт. Г.Ахметбек, М.Нұрсайдов, Н. Абдуракын және т.б.- Алматы : Қазақ университеті,2012.- 137 бет.

ISBN 978-601-247-564-7

Авторлар ұжымының  бірлесе отырып шығарған Экономика және мұнай-газ  саласындағы  қытайша- қазақша-орысша, қазақша-орысша-қытайша  терминдер сөздігінің ерекшелігі- бұл  экономиканың  түрлі саласын қамтитын үш тілдегі  бірден-бір еңбек. Сөздікте  экономика, бизнес, мұнай- газ өңдіру, қаражат, несие  саласындағы  терминдер  топтастырылып, алфавиттік  жүйе бойынша  оқырман назарына ұсынылған.

Аталмыш  еңбек тек  экономика саласындағы  қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар  қытай  тіліндегі  мамандарды осы салада  тереңдете даярлауда  оқытушылар мен студенттер үшінде маңызды.

 

 


Отдых для всех