Жүйеге кіру



Тіркелу
Статистика
Пользователи : 155
Статьи : 120
Просмотры материалов : 129027
Қазір сайтта
Сейчас 10 гостей онлайн
Фотогалерея

Іс-шаралар суреті

Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы ұжымы.

Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасында   Қазақстанның Халық әртісі Торғын Тасыбекова мен жас ақын, Республикалық «Ана тілі» газетінің бөлім меңгерушісі, «Балапан», «Ел арна» арналарының продюсері,Мемлекеттік Дарын сыйлығының иегері Мақпал  Жұмабаймен  «Өмірі де,өнеріде өнеге» атты тақырыпта өткен кездесу кеші.

«Тәуелсіздік тұғырымыз, тұрақтылық тірегіміз»-Тәуелсіздік күнінуе орай ұйымдастырылған кітап көрмесімен  Іле ауданы әкімі  Б.Ешенұлы танысуда.

Көрнекті қоғам қайраткері Ұлы Отан соғысының ардагері жерлесіміз марқұм Заманбек Баталхановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өнегелі ғұмыр» атты еске алу кеші   және «Ұмытылмас ұлы тұлға» кітабының тұсаукесері  өткізілді.  Халық жазушысы Ә.Нұрпейіс  алғысөз сөйлеп, кітаптың тұсауын кесті.

Жетіген ауылдық кітапханасында А.Байтұрсыновтың туғанына 140 жылдығына орай «Ахмет мұрасы- алтын қазына» тақырыбында өткен портреттік кеш. Кітапханашы Г. Қармысова.

Аудандық кітапхананың балалар бөлімінде1- желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне  орай ,«Мен Президентімді мақтан етемін»  тақырыбында ертеңгілік  5-6 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Ертеңгілік барысында «Елбасының дүниеге келуі» сахналық көрініс және Рүстем Әбдраштың Елбасы шығармаларының желісі бойынша түсірген "Балалық шақтың аспаны" фильмінің үзіндісін тамашалаған қатысушылар akorda.kz порталына виртуалды саяхаттап, Елбасының ресми сайтымен танысты. Оқушылар Елбасы туралы өлеңдер оқып, өмірі мен еңбек жолына арналып дайындалған викториналақ сұрақтарға жауап берді.

Қараой ауылдық кітапханасында  Халықаралық «М.Әуезовты оқимыз» акциясы аясында «Заманымыздың заңғар тұлғасы» атты  «Қараш қараш оқиғасы»прозасының желісі бойынша   прозалық кеш өткізілді.Кеш барысында  «Әуезов мұрасы – адамзат  байлығы»-презентация, «Азаттық рухының алтын адамы»- кітап көрмесі, «Асудағы атылған оқ» фильмінен үзінді  және де «Кек жолындағы жортуыл» тақырыбында  №18 мектептің 8 сынып оқушыларының  қатысуымен  Бақтығұлдың қалай соққыға жығылғаны жөнінде повесть желісі бойынша көрініс көрсетіп, оқырмандар өз ойларын ортаға салып прозаны барынша ашуға тырысты. Кештің мақсаты :шығарманың мазмұнын толық  талдау,басты кейіпкердің іс-әрекеттері арқылы сол заманның саяси құпиясын ұғыну болды.
«Кітапхана және жанұя» атты облыстық фотобайқауға   қатысқан отбасылар  байқауға деген және жалпы кітапханамен кітапқа деген сүйіспеншіліктерін осы байқауға белсене қатысулары арқылы байқата білді. Байқау қортындысы бойынша  Кененова Төрткен Кененқызының  отбасы ең үздіктер қатарынан табылды.
Шетелдік  әріптестермен іс-тәжиірбе  алмасу  мақсатында Лондон –Парижде өткен Халықаралық  «Кітапхана жұмысындағы жаңа технологиялар  және ақпараттық және мәдени орталықтар» тақырыбында өткен семинарға кітапханаа директоры  М.Жабиева  қатысып, жаңа идеялар, жаңа серпілістер  алып қайтты.
 


Отдых для всех