Америка бұрышы

«Америка бұрышы» - АҚШ елшілігінің қоғамдық байланыс бөлімі мен жергілікті институттар арасындағы өзара серіктістік негізінде құрылып отыр. Олар кітап жинақтары, интернет және көпшілікке арналған бағдарламалардың көмегімен АҚШ туралы ағымдағы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.
«Америка бұрышының» негізгі қызметі – АҚШ-тан тыс жерде тұратын көпшілік оқырманға АҚШ жайлы ақпарат беру. Ағылшын тілінде 300 кітап болса, оның 48 дана кітап, журналдарды волонтерлар сыйға берген.
Америка бұрының есігі қызығушылық білдірген шет ел азаматтарының барлығына ашық. Ақпарат жұмысына қосымша интернетке кіру мүмкіндігі және құжаттарды электронды тасымалдау ұсынудан басқа «Америка бұрышы» әр түрлі мәдени-танымдық шаралар өткізеді. Бұл шаралардың ауқымы кең: семинарлар, дөңгелек үстелдер, маңызды тақырыптарға пікірталас клубтарын ұйымдастыру. «Америка бұрышында» лицей, мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің ағылшын тілін үйренемін дейшілерге «Оқу клубы» қызмет көрсетеді. 2012 жылдың 29 қарашасында волонтерлар мен шет тіл орталығының тыңдаушылары, оқытушыларының қатысуымен «Бейбітшілік және келісім» атты пресс-конференция өтті.

 

 


Отдых для всех