Жобалар мен бағдарламалар «ҚР-да тілдерді дамыту мен қолдану» бағдарламасы

«ҚР-да тілдерді дамыту мен қолдану» бағдарламасы


Қазақстан Республикасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған

Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында

Алматы облысы кітапханалары бойынша 2011–2013 жылдарға арналған іс – шаралар

ЖОСПАРЫ

 

 

К І Р І С П Е

Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден терең теңіз жоқ.

Ғ. Мүсірепов

 

Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар. Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейкестілігі арта түсті.

Ұлттық тіл – әр халықтың өзіне тән ой – санасының парасатты бүкіл болмыс – тіршілігі мен  сезім – түйсігін ұрпақтан – ұрпаққа  жеткізетін күретамыр. Қазіргі уақытта азақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Біріншіден қазақ халқының салт – дәстүрі мен тұрмысын, әдет – ғұрпын, мәдениетін, тарихын білуге жол ашады, екіншіден көпұлтты халықтың қарым – қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікті іске асыруға, халықтардың достық қарым – қатынасын күшейтудің құралына айналды. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мемлекеттік тілдің біздің өмірімізде алатын орны мен байытудың баға жетпес құндылығын Алматы облысы кітапханалары тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту мақсатында туған тіліміздің мерейін тасытып, мәртебесін асырып келеді.

Асылы, тілді адамдар арасындағы қатынас құрал деп түсіну жеткіліксіз. Өйткені, тілдің артында бүтіндей бір ұлт тұр. Яғни, тіл – қай халықтың болмасын баға жетпес мұрасы, байлығы. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас...» деп ұлы Абай атамыз тәнті болып, тағзым етіп кеткен ана тілімізді сақтау, құрметтеу, ардақтау, - міндетіміз, парызымыз. Жуырда халықтың талқылауға ұсынылған Тіл бағдарламасының жобасы – бүгінгі тілдің мәртебесін арттыруға қызмет жасайтын маңызды құжат екендігіне дау жоқ.

Қазақстан Республикасы президентінің «Тілдерді қолдану мен  дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту – Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі», сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»  – деп тұжырымдайды.

 

МАҚСАТЫ

Облыс кітапханалары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын», 2011 – 2013 жылдарға арналған іс –шаралар жоспарын жүзеге асыру;

–     мемлекеттік тіл саясатын насихаттау;

қазақша сөйлеуді меңгеру;

ресми іс қағаздардың мемлекеттік тілде дайындау сапасын арттыру;

оқырмандарға ана тілінің мәні, тарихы мен бүгіні туралы мағлұматтар бере отырып, олардың сөз мәдениетін жетілдіруге, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге, интеллектаулдық қабілеттерін арттыруға баулу;

 

МІНДЕТІ

мемлекттік тілід қолдану мәртебсін арттыру;

оқырмандардың мемлекеттік тілде әдебиеттер сұранысын арттыру;

тіл мәдениетін жетілдіру;

ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену;

2011 жыл

Тақырыбы Түрі Өтетін орны Мерзімі
1 «Тіл сырына саяхат» Дөңгелек үстел С.Сейфуллин ат. облыстық қараша
2 «Тіл ұлттың жаны – халықтың үні» Оқырмандар конференциясы Алакөл тамыз
3 «Қазақ тілі – Абай тілі – ұлы тіл» Поэзия кеші Балқаш қыркүйек
4 «Тіл баға жетпес байлық» Дөңгелек үстел Ескелді маусым
5 «Өз тіліміз – өзегіміз» Дөңгелек үстел Еңбекшіқазақ қыркүйек
6 «Тіл бабамның көзі, атамның мұрасы» Әдеби шолу Жамбыл қыркүйек
7 «Тілім барда қазағым бар, халқым бар, дәстүрім бар, ата жолы салтым бар» Дебат Іле тамыз
8 «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» Фестиваль Қарасай қыркүйек
9 «Тілден терең теңіз жоқ» Әдеби сайыс Қаратал қыркүйек
10 «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» Ақпарат сағаты Қапшағай қыркүйек
11 «Қорғаны бол тіліңнің, жас ұрпақ!» Жастар дебаты Кербұлақ қыркүйек
12 «Мемлекеттік тіл – ел тірлігінің кепілі» Пікір алмасу кеші Көксу қыркүйек
13 «Ұлттық тіл – ұлттығымның айнасы» Тіл апталығы Панфилов қыркүйек
14 «Тіл тағдыры – ел тағдыры» Әңгіме Райымбек қаңтар
15 «Үш тұғырлы тіл – болашақ талабы» Дөңгелек үстел Сарқан қазан
16 «Қазақ тілі – ана тілім» Мақал–мәтелдер сайысы Талғар қыркүйек
17 «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашқақ» Ашық сабақ Текелі қыркүйек
18 «Қазақ тілі – баба тілі, ғасыр тілі» Танымдық сабақ Талдықорған ОКЖ қыркүйек
19 «Ана тілім мерейім» Поэзия сағаты Ұйғыр қыркүйек
20 «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Әдеби–сазды кеш Зағиптар қыркүйек
21 «Қазақ тілі – тылсым сыры тарихтың, Ұлттық тілім – ұлағаты халқымның» Тіл сайысы Алматы филиал қыркүйек
22 «Жас ұрпақ, сенің арыңа ана тілім аманат» Байқау Ақсу қыркүйек

 

2012 жыл

Тақырыбы Түрі Өтетін орны Мерзімі
1 «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» Дөңгелек үстел С.Сейфуллин ат. облыстық қыркүйек
2 «Тіл аcыл мұра»

Тіл туралы өлеңдер

Поэзия кеші

Алакөл қыркүйек
3 «Тіл – ұлт рухының алдаспаны» Оқырмандар конференциясы Балқаш тамыз
4 «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» Әдеби кеш Ескелді қыркүйек
5 «Тілім менің тұтастығым, елдігім» Жастармен дебат Еңбекшіқазақ маусым
6 «Ана тілім, күмбірле сарайымда!» Әдеби-сайыс кеші Жамбыл қазан
7 «Бір тілді білген – бір елдің баласы, екі тілді білген – екі елдің баласы» Дөңгелек үстел, слайд Іле қазан
8 «Мемлекеттік тіл – елдіктің айнасы» Поэзия кеші Қарасай қыркүйек
9 «Тіл – халқымның баға жетпес мұрасы» Диспут Қаратал қыркүйек
10 «Тіл бірліг – ел бірлігі» Дөңгелек үстел Қапшағай қазан
11 «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» Тұрақты кітап көрмесі Кербұлақ тамыз
12 «Ана тілім – ата салтым, ұраным» Сайыс Көксу қыркүйек
13 «Қазақ тілім – шамшырағым» Әдеби кеш Панфилов қазан
14 «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» Өлең сағаты Райымбек қыркүйек
15 «Тіл өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» Дөңгелек үстел Сарқан қазан
16 «Мемлекеттік тіл – ел тірегі» Библ.дайджест Талғар қыркүйек
17 «Достық пен бірлік тілі» Кітап көрмесі Текелі тамыз
18 «Ата -баба мұрасы – тіл ұлт қазынасы» Сайыс Талдықорған ОКЖ қыркүйек
19 «Мемлекеттік тіл – болашақ пен өркениеттің тілі» Дөңгелек үстел Ұйғыр қыркүйек
20 «Туған тілім төрге шық» Диалог шолу Зағиптар қыркүйек
21 «Тіл – халық жанын танудың кілті» Дөңгелек үстел Алматы филиал тамыз
22 «Тіл халықтың алтын діңгегі» Пікірталас Ақсу қазан

 

2013 жыл

Тақырыбы Түрі Өтетін орны Мерзімі
1 «Тілін құрметтесең – елін құрметте» Блиц турнир С.Сейфуллин ат. облыстық қыркүйек
2 «Тілден асқан байлық жоқ» Әдеби сайыс Алакөл қазан
3 «Тіл – ұтымның мұнарасы» Әдеби–сазды композициялық кеш Балқаш қыркүйек
4 «Мемлекеттік тіл – елдіктің айнасы» Оқырмандар конференциясы Ескелді тамыз
5 «Тілдің болашағы – ұлттың болашағы» Дөңгелек үстел Еңбекшіқазақ қыркүйек
6 «Қорғаны бол тіліңнің, жас ұрпақ!» Жастар дебаты Жамбыл қыркүйек
7 «Тіл бірлігі – ел бірлігін бастайды» Оқырмандар конференциясы Іле мамыр
8 «Туған тілім – тұнған шежіре» Тарихи сағаты Қарасай қыркүйек
9 «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» Семинар-кеңес Қаратал тамыз
10 «Тіл – барлық білімнің кілті» Тіл сағаты Қапшағай қыркүйек
11 «Ұлттың алып тірегі – ана тілі» Әңгіме-репортаж Кербұлақ қазан
12 «Мемлекеттік тіл біздің мәртебеміз» Пікір алмасу кеші Көксу қыркүйек
13 «Менің қазақ тіліме әлем сыйған» Әдеби жыр сағаты Панфилов қазан
14 «Тіл – ұлт мәдениетін танудың кілті» Библ. шолу Райымбек тамыз
15 «Өнер алды қызыл тіл» Әдеби сайыс Сарқан қыркүйек
16 «Тіл терең теңіз жоқ» Дебат Талғар қыркүйек
17 «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» Кітап көрмесі Текелі тамыз
18 «Жаса жайна мәңгілік ана тілім» Өлең оқу жарысы Талдықорған ОКЖ қыркүйек
19 «Тіл тағдыры, ұрпақ тағдыры» Өзге ұлт өкілдерімен кездесу Ұйғыр қазан
20 «Туған  тілің – қыдырың, туған елің – тұғырың» Кітап көрмесі Зағиптар тамыз
21 «Тіл достықтың  алтын көпірі» Дөңгелек үстел Алматы филиал қыркүйек
22 «Тіл тағдыры – ел тағдыры» Слайд шоу Ақсу қыркүйек
 


Отдых для всех