Кәсіптік қызмет

Семинарлар, кеңестер

2013 жыл

2013 жылы  21 ақпан күні «2012 жыл қорытындысы. Ақпараттық қоғамдағы кітаптың әлеуметтік және мәдени маңыздылығын арттыру» атты облыстық семинар-кеңес өтті. Семинар жұмысына 55 адам қатысты.
Күн тәртібінде:
І. Облыс кітапханаларында 2012 жылы атқарылған шаралар мен алдағы міндеттер.
ІІ.Кітап оқудың әлеуметтік маңызын арттыру.
ІІІ. Марапаттау рәсімі
Күн тәртібіндегі І мәселе бойынша кітапхана директоры М.Нұрғалиева «Облыс кітапханаларының 2012 жылдың қорытындысы  бойынша атқарылған шаралар» атты баяндама оқыды. Жарыссөзге шығушылар  әдіскер К.Биғалиева «Есеп жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктер» бойынша саралау нәтижесін, әдістеме бөлімінің меңгерушісі А.Исмағұлова «Облыс кітапханашыларын аттестаттау қорытындысы» бойынша мәлімет берді.
Күн тәртібіндегі ІІ мәселе бойынша Панфилов аудандық кітапхана директоры Ж.Алдабергенова  «Отбасылық оқулар  дәстүрін қайта жаңғырту» атты баяндама оқып, жарыссөзге Қаратал аудандық кітапхана директоры Г.Сембекова, Қапшағай қалалық кітапхананың кітапханашысы П.Мұхаметқалиева, Жамбыл аудандық кітапхана директоры Б.Ибрайжановалар кітап оқу мәдениетін арттыру жайлы өз пікірлерін білдірді. Марапаттау рәсімінде 2012 жылы жарияланған «Үздік аудандық кітапхана» атты облыстық байқау жеңімпаздары марапатталды.
Бас жүлде - Іле аудандық кітапханасы;
І орын - Жамбыл аудандық кітапханасы;
ІІ орын -  Қарасай аудандық кітапханасы;
ІІ орын - Балқаш  аудандық кітапханасы;
ІІІ орын - Талғар аудандық кітапханасы;
ІІІ орын -  Көксу аудандық кітапханасы;
Ынталандыру сыйлықтарына ие болғандар: Панфилов, Еңбекшіқазақ, Алакөл, Кербұлақ  аудандық кітапханалары. Сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша Қапшағай, Текелі қалалық, Қаратал, Райымбек, Ұйғыр,  аудандық кітапханалары «Алғыс хаттармен» марапатталды.

 

2012 жыл

•ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мамандарымен бірлесіп облыс кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар – тренинг . (Талдықорған қ-сы, 14 наурыз 2012 жыл)  

Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мамандарымен бірлесіп облыстық семинар-тренинг өтті. Шараға аудандық, қалалық кітапхана директорлары мен библиограф, программист мамандар шақырылып, барлығы 60 адам қатысты.
Семинар - тренинг жұмысын облыстық мәдениет басқармасының бастығы Р.Есдәулетов мырза ашып, Алматы облысы кітапханаларының жағдайы туралы айта келіп, осы саланың жетістіктеріне тоқталып өтті. 2011 жылы 21 ауылдық кітапхана ашылып, 4 кітапхана модельді кітапхана мәртебесіне ие болды. Кітап қорын толықтыруда облыстық бюджеттен 30000,0 теңге бөлініп, Жетісу ақын - жазушыларының кітаптары шығарылды. Астана қаласында өткен мәдениет күндерінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханада «Жетісулық ақын-жазушылар Сарыарқа төрінде» атты кездесу кеші жоғары деңгейде өткенін мақтанышпен атап өтті.
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы кітапханаларды дамыту орталығының сектор жетекшісі А.Искакова Алматы облысы ҚР ММ қарасты кітапханаларының 2011 жылғы есебі бойынша жұмысына талдау жүргізе келіп, әр көрсеткіш бойынша кітапханалардың жағдайы әртүрлі деңгейде екенін таблица арқылы көрсетті. Атап айтқанда кітапханалар саны, кітап қоры, келушілер саны, кітап берілімі, кадр құрамы жағынан жоғары орындардың бірінде саналатын болса, жаңа ақпараттық технология бойынша 10-орында тұрғандығы әлі де оқырмандарға инновациялық қызмет көрсету барысы баяу жүргізіліп жатқаны белгілі. Сондықтан Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қызметін пайдалану, КАБИС бағдарламасының барлық модульдарымен жұмыс істеуді жүзеге асыру керектігі туралы кеңестер берілді. «Қазақстандық Ұлттық электрондық кітапханасы» жобасы, «Электронды үкімет, «ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі сандық кітапхана» жұмысы туралы кеңес - Н. Жолдыбалинов, Г.Үсенова, ҚРҰАК Электронды ресурстарын басқару қызметінің мамандары «Кітапханалардағы аттестация мәселелері» туралы кеңес – кітапханаларды дамыту орталығының сектор жетекшісі - Искакова А. С. «Оқитын Еуразия» халықаралық фестивалі жобасының тұсаукесері, «Бір ел – бір кітап» акциясы - «2012 жыл таңдауы», «Кітап патшалығы» кәсіби жорнал туралы ақпараттар берілді.
Семинар тренингтің екінші бөлімінде 2011 жыл қорытындысы бойынша облыс кітапханаларының жұмысына талдау жүргізіліп, алдағы міндеттер белгіленді. Аудандық кітапхана директорлары жоспардан тыс модельді кітапханалар ашу туралы ұсыныстарын білдірді. Кербұлақ ауданынан Шанханай, Талғар балалар кітапханасы, Ескелді ауданы Қайнарлы, Іле ауданы КазЦик, Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылдық кітапханаларын модельді кітапханалар қатарына қосуға ұсыныс білдірді.
КАБИС бағдарламасының авторы К.Мамбеталиев облыс кітапханашыларына бағдарламаның 15 модулі бойынша мағлұматтар беріп, кітапханашыларды толғандырған сұрақтарға толымды жауаптар берді.
Облыстық кітапхананың директоры М. Нұрғалиева семинар жұмысын қорытындылай отырып, Астанадан келген мамандарға берген мазмұнды баяндамалары мен тәжірибелік кеңестері үшін ризашылығын білдірді. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы тарапынан кітапханашылар алғыс хаттармен марапатталды.

 

2011 жыл

• 2011 жылдың І жартыжылдық есеп қорытындысы: «Облыс кітапханаларының жағдайы мен келешегі» (Талдықорған қ-сы, 2011ж.)

«Облыс кітапханаларының жағдайы мен келешегі» атты облыстық семинар 2011 жылдың І жартыжылдық есеп қорытындысын саралау туралы өтті. Кітапхана директоры М.Нұрғалиева облыс кітапханаларының қазіргі жағдайына тоқтала келіп, жаңадан ашылған 21 кітапхананың мат. тех. Базасы мен кітапханалық қызметі жайлы мәселе көтерді. Кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі А. Байзақова кітапханаларға түсіп жатқан кітаптардың оқырмандар сұранысына сәйкестігі, жетімділігі туралы сөз қозғаса, әдістеме бөлімінің меңгерушісі К.Биғалиева есеп қорытындысын саралаудағы кемшіліктер мен жетістіктерге тоқталды.Семинар қорытындысында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты кітапханаларда атқарылып жатқан шаралар мен 20 жұлдызды күнде айырықша шаралар өткізу керектігі атап өтілді.


• ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың ғылыми- талдау орталығы мамандарының жетекшілігімен Алматы облысы кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар - тренинг (Талдықорған қ-сы, 2011 ж.)

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғылыми-талдау орталығы мамандарының жетекшілігімен Алматы облысы кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-тренинг өтті.
«Заманауи кітапхана және ақпараттық кеңістік» тақырыбында - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының кітапханаларды дамыту орталығының әдіскері М.Кенжеева, Қаз ҰЭҚ мақсатымен таныстыру, жеке авторлармен кездесу, келісім шартқа қол қою шараларын жүзеге асыруда – электрондық қорларды басқару қызметінің сандау секторы жетекшісі – Г.Үсенова, «Кәсіби әлемге терезе» интернет қорларына шолу, «Бір ел – бір кітап» акциясының маңызы туралы – кітапханаларды дамыту орталығының әдіскері – А.Мектепова, «Кітапханалар Интернетпен танысады: сандық анықтама қызметі және қашықтықтағы деректер базалары» туралы - ақпараттық – библиографиялық сервис қызметінің маманы А.Төлебаевалар баяндамалар оқып, іс-тәжірибелерімен алмасты.Осы семинар тренинг І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Ғ.Орманов атындағы кітапханасында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының кітапханашыларымен өтті. Осы шара аясында Қызылағаш, Ақши ауылдық кітапханалары «Модельді ауыл кітапханасы» мәртебесін алса, Жамбыл аудандық кітапханасының базасында «Заманауи кітапхананың бүгінгі келбеті» атты тренингте ҚР Ұлттық Академиялық мамандары жеке авторлармен кездесіп, келісім шартқа қол қою рәсімін өткізді. Сондай-ақ белгілі ақын Н.Лушникованың «Қазақтың бір қызымын » атты кітабының беташары өтсе, екінші бөлімде күрделі жөндеуден өткен Ұзынағаш кітапханасы Жамбыл аудандық модельді кітапханасы атағын алды.

2010 жыл

• 2009 жылдың есеп қорытындысы бойынша «Кітапханалар жаңа онжылдыққа жаңа өрлеу жолында» (Талдықорған қ-сы, 2010ж.)

• «Оқырмандарға кітапханалық – библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетудің жаңа тенденциялары» (Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, ІІІ-тоқсан, 2010 жыл).

• Ш.Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуына «Облыс кітапханаларында Шоқан еңбектерін насихаттау жұмыстары» (Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, ІV-тоқсан, 2010 жыл).


2009 жыл

• 2008 жыл қорытындысы: «Оқырмандарға компьютерлік технологиялар негізінде ақпараттық қызмет көрсетуді дамыту» (Талдықорған қ-сы, І-тоқсан, 2009 жыл).


• «Кітапханадағы патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттары» (Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, ІІ-ІІІ-тоқсан сәуір 2009 жыл).

• «Ақпараттық технологияны игеру» (Талғар ауданы, Талғар қаласы, ІІІ-тоқсан, 2009 жыл).

• Облыстық кітапхананың 60 жылдығына «Кітапхана – руханият ордасы» ғылыми – тәжірибелік конференция (Талдықорған қ-сы, IV-тоқсан 2009 жыл).
мссс

• 2008 жыл
• 2007 жыл қорытындысы: «Ауыл кітапханаларында қызмет көрсету сапасын арттыру» (Талдықорған қ-сы, І- тоқсан 2008ж.)

• «Мәдени мұра бағдарламасының кітапхана ісіндегі маңызы» (Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, 2008жыл)

• «Кітап оқу арқылы жас ұрпақтың сана- сезімін қалыптастыру» (Талдықорған қалалық балалар кітапханасы, ІҮ-тоқсан 2008ж.)

2007 жыл


• 2006 жылдың есеп қорытындысы бойынша «Қазіргі таңдағы кітапхана және оқырман.Жаңа бастама.Міндеттер» (Талдықорған қ-сы, 2007 жыл)

• 2007 жылдың І-жартыжылдық есебі бойынша «Кітап оқитын қоғам қашанда бәсекеге қабілетті » (Алакөл ауданы, Үшарал қаласы ІІІ-тоқсан 2007ж.)

• Ғ.Ормановтың туғанына 100жыл толуына орай ақын шығармаларын насихаттауда «Ғали ғибраты – ұрпаққа үлгі» ( Сарқан аудан, Сарқан қаласы, ІҮ-тоқсан 2007ж)



2006 жыл

• 2005 жылдың есеп қорытындысы бойынша «Облыс кітапханаларының жағдайын саралау, өзекті мәселелерді шешу жолдары» (Талдықорған қ-сы, І-тоқсан,2006ж.)

• «Тәуелсіздік тағлымы: Уақыт және кітапхана» (Талдықорған қ-сы, ІІ-тоқсан,2006ж.)

• «Облыс кітапханаларында Жамбыл шығармаларын насихаттау» (Талдықорған қ-сы,
ІІІ-тоқсан,2006ж.)


2005 жыл

• Облыс кітапханаларының 2004 жылғы жұмыс есебін қортындылау жөнінде «Қазіргі таңдағы кітапхана ісі» (Талдықорған қ-сы, І-тоқсан 2005жыл)

• «Бүгінгі таңдағы облыс кітапханаларының кітап қорын сақтау және толықтыру шаралары» (Талдықорған қ-сы, ІІ-тоқсан 2005жыл)


2004 жыл

• «2003-2005 Ауыл жылдары»бағдарламасы аясында 2003 жылдың есеп қорытындысы
(Талдықорған қ-сы, ІІ-тоқсан 2004 ж.)
• «Ауылды мәдениетке баулуда кітапхананың үлесі» (Қарасай ауданы, 2004ж.)



 


Отдых для всех