Кәсіптік қызмет Марапаттаулар

Марапаттаулар

ҚР «Мәдениет қайраткері» М. Нұрғалиева

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Нұрғалиева Мақпал Сқабайқызы 1980 жылы Шымкент қаласында Әл-Фараби атындағы педагогика-мәдениет институтының «Кітапханатану және библиография» бөлімін, 2006-2008  жылдары Академик Ө.Жолдасбеков атындағы институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігі және БАКАЛАВР  академиялық дәрежесі бойынша бітірді.1980 жылы еңбек жолын Талдықорған облыстық С.Сейфуллин атындағы кітапхананың кітапханашы қызметімен бастаған ол бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2007 жылы кітапхана директоры қызметіне тағайындалды.

Кітап қорының көбеюіне, заман талабына сай жаңа технологиялық инновацияларды енгізіп, кітапхананың материалдық-техникалық базасын нығайтуда жаңа үлгідегі кітапханалық жиһаздармен жабдықтауға бар күш-жігерін жұмсап келеді.

2010 жылы облыс кітапханаларын жаңа ақпараттық технологиялық жүйеге енгізе отырып, кітапханалық КАБИС бағдарламасының жобасын жүзеге асырды.

Кітапхана саласындағы мінсіз еңбегі, қызметтік міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін Алматы облыстық мәдени басқармасының «Кітапхана ісінің үздігі» Құрмет грамотасымен, облыстық кітапхананың 60 жылдығына байланысты облыс Әкімінің Құрмет грамотасымен 2009 жылы марапатталды. Сондай-ақ 2010 жылы кітапхана саласындағы 35 жылдық еңбегі жоғары бағаланып 2009 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» атағын иеленді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының 2011 жылғы қазан айының №78 бұйрығымен «Кітапхана ісінің шебері» құрмет белгісімен және Қазақстан Республикасы Президенттінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы бойынша «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

 

ҚР «Мәдениет қайраткері» Қ. Шпекбаева

Алакөл аудандық кітапханасының директоры Шпекбаева Қарлығаш Наурызбайқызы 1953 жылы туған, білімі жоғары, Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы кітапханашы-библиограф.

Кітапханалық еңбек өтілі 36 жыл.

Қарлығаш Наурызбайқызы Алакөл ауданының кітапхана ісінің дамуына қомақты үлес қосып, аудан бойынша кітапханалар саны 23- ке жетті.

Аудан тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуді жақсартуда рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруда жемісті еңбегінің нәтижесінде оқырмандардың көңілінен шыға білетін білікті де білімді маман ретінде танылып, Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы мен Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларын насихаттауда белсенділік танытып, қалың оқырмандар арасында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырудың ұйытқысы болуда.

2007 жылы сәуір айында Астана қаласында өткен Халықаралық оқу конгресіне қатысып, алған тәжірибесін өз жұмысында пайдаланса, шілде айында Алакөл ауданында өткен облыстық мәдениет басқармасының жылжымалы алқа мәжілісінің секциялық жұмысында облыс кітапханашыларының облыстық семинарын өткізуде шығармашылық ізденістер мен зор үлес қосты. Жаңадан ашылған ауыл кітапханаларының кітап қорын толықтыруда және материалдық-техникалық базасын нығайтуда бар күш-жігерін жұмсап жүрген Қ. Шпекбаеваның осы еңбектері бағаланып, 2010 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» атағын иеленді.

 

ҚР «Мәдениет қайраткері» М. Жабиева

Іле аудандық кітапханасының директоры Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы 1956 жылы туған, білімі жоғары, Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының кітапханашы-библиограф мамандығын бітірген, кітапханалық еңбек өтілі 33 жыл.

Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы кітапханалық еңбек жолын 1973 жылы Алматы облысы, Күрті ауданындағы мектеп кітапханасынан бастап, аудандық кітапхана директорына дейін көтерілді.

Іле аудандық кітапханасын жаңа ақпараттық технологиямен жабдықтауда 2003 жылы кітапханаға РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор», «Ізденіс, Тапсырыс» модульдерін енгізді. Әлемдік ақпараттық базаларда мәліметтер алуға мүмкіндік беретін интернет жүйесіне енгізіп, оны қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде жүреді. Аудандық және Боралдай аудандық кітапханасын «Үлгілі ауыл кітапханасы» қатарына қосып, заман талабына сай жаңа технологиялық ақпарат жүйесіне енгізуді жүзеге асырды.

2006 жылы Астана қаласында өткен «Қазақстан еңбекші әйелдері» конгресіне қатысқан Мейрамкүл Түйебайқызы іскер әйелдермен тәжірибе алмасып, Мәдениет Министрі Е.Ертісбаевпен кездесті. ҚР Ұлттық кітапханасымен тығыз байланыста жұмыс істеп, білім жетілдіру курсына қатысқан кітапханашыларға өз іс-тәжірибесін таратуда.

ҚР Тәуелсіздігінің 15 жылдығына «Тәуелсіз Қазақстан. Модульді ауыл кітапханасы» атты облыс кітапханашыларының облыстық семинарын ұйымдастыруда белсенділік танытты. М.Жабиеваның 33 жылдық еңбегі жоғары бағаланып 2007 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» атағын алды.

 

 

ҚР «Мәдениет қайраткері» Б. Ибрайжанова

Жамбыл аудандық кітапханасының директоры Ибрайжанова Бибінұр Ермекбайқызы 1964 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, кітапханалық еңбек өтілі 22 жыл.

2008 жылы ҚР Мәдениет қайраткері атағын алды. Көп жылғы еңбек тәжірибесі бар білікті басшы. Жабылып қалған ауыл кітапханаларының кітап қорларын бірнеше жыл сақтап, 2008 жылы 21 ауылдық кітапхана ашты. Нәтижесінде ауданның негізгі көрсеткіштері қарқынды дамып, ауыл мәдениетінің көтерілуіне қомақты үлес қосты.

Б.Ибрайжанова басқарып отырған аудандық кітапхана арнайы типтік ғимаратта орналасқандықтан, кітапхана қазіргі заман талабына сай жабдықталып, жаңа ақпараттық технологиямен қамтылған. РАБИС бағдарламасына енгізіліп, интернет, электронды пошта оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруда.

 

ҚР «Мәдениет қайраткері» Г. Мұқанова

 

Ескелді аудандық кітапханасының директоры Мұқанова Гүлнар Жауынбайқызы 1957 жылы туған, 1975 жылы Қаскелең мәдени ағарту училищесінің кітапхана ісі, Талдықорған экономикалық институты. Кітапханалық еңбек өтілі 35 жыл.

Гүлнар Жауынбайқызы Ескелді ауданының кітапхана ісінің дамуына қомақты үлес қосып, аудан бойынша кітапханалар саны 16-ға жетті.

Аудан тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетуді жақсартуда рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруда жемісті еңбегінің нәтижесінде оқырмандардың көңілінен шыға білетін білікті де білімді маман ретінде танылып, Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы мен Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларын насихаттауда белсенділік танытып, қалың оқырмандар арасында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырудың ұйытқысы болуда.

2004 жылы Өскемен қаласында өткен кітапханалық астана «ХХІ ғасыр кітапханашының қазіргі қоғамдағы орны» атты Республикалық конференцияға қатысты.

Жаңадан ашылған ауыл кітапханаларының кітап қорын толықтыруда және материалдық-техникалық базасын нығайтуда бар күш-жігерін жұмсап жүрген Г.Жауынбаеваның осы еңбектері бағаланып, 2011 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» атағын иеленді.

 

 

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасы» иегерлері

2007 жыл

1. Хайбуллина Фердауз Шәріпқызы - Талдықорған  қалалық  орталықтандырылған  кітапхана  жүйесінің директоры;

2. Биғалиева Күлтай Кәрімқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының әдістеме бөлімінің меңгерушісі;

 

 

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алғыс хатымен марапатталған кітапханашылар

 

2011 жыл

1. Рысбекова Гүлбаран Ғайсақызы – С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапхана директорының орынбасары.

2. Ягудина Зинакул Құдайбергенқызы – Алматы аймақтық филиалының меңгерушісі.

3. Таймурзина Сұлушаш Сағымбайқызы – Ақсу аудандық кітапхана директорының орынбасары.


2012 жыл

1. Исмағұлова Алма Алмабекқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы әдістеме бөлімінің әдіскері;

2. Аханова Салтанат Зекенқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы кітап қорын сақтау бөлімінің меңгер-сі;

3. Абдрахманова Фадина Нұрқасымқызы - В.Маяковский атындағы Талдықорған қалалық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі;

4. Жексембиева Нұргүл Суллиханқызы - Қарасай аудандық кітапханасының директоры;

5. Нұрбаева Баян Үсенбайқызы - Кербұлақ аудандық кітапханасының директоры;

6. Төлқожаева Мария Тоқтамбекқызы - Райымбек аудандық кітапханасының директоры;

 

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының алғыс хатымен марапатталған кітапхана

Кітапхана ісінің өркендеуіне әрі республикалық деңдейде ұйымдастырылған мәдени іс-шаралардың табысты өтуіне қосқан үлесі үшін С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұжымы «Алғыс хатымен» 2012 жылы 14 наурызда марапатталды.

 

 

Облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған кітапханашылар.

2009 жыл

1. Нұрғалиева Мақпал Сқабайқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры  облыс әкімінің "Құрмет грамотасымен" марапатталды;

2. Биғалиева Күлтай КәрімқызыС.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының әдістеме бөлімінің меңгерушісі  облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды;

 

 

Лев Гумилевтің 100-жылдық мерейтойына арналған «Оқырман Еуразия» атты халықаралық фестивалінде Дипломмен марапатталған кітапханашылар

2012 жыл

1. Масалимова Мадина Нұрдәулетқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі («Ұлы ғалым, тарихшы-этнограф» атты библиографиялық көрсеткішті құрудағы шығармашылық ізденістері үшін);

2. Қадырманова Нұртай Мелісқызы - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиографы («Ұлы ғалым, тарихшы-этнограф» атты библиографиялық көрсеткішті құрудағы шығармашылық ізденістері үшін);

 


Отдых для всех