Бөлімдер

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі жас маман Есенғожаева Гүлнар, жас та болса өзінің біліктігімен кітапхана ісіне деген жауапкершілігімен бөлім жұмыстарын бір жұйеге келтіріп істін кетігін тауып нәтижелі еңбек етуде.Әр жылдың басынан бастап қызмет көрсететін барлық бөлімнің оқырмандарын қайта тіркеу және біріңғай есептеу, жазу жүзеге асырылады.  Оқу залынан оқырмандар ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде ала- алады. Бұл зал оқырмандардың барлық топтарына , орта және кәсіптік мектеп оқушыларына, студенттерге, көпшілік оқырманға: зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді. Көпшілік оқырмандарға қоғамдық саяси, әдеби көркем, ғылыми танымдық журналдардың, газеттердің жаңа сандарымен еркін танысуға мүмкіндік толық бар. Оқырмандар жаңа энциклопедиялармен сөздіктермен, анықтамалармен жұмыс істеп, керекті тақырыптарын дер кезінде тауып беріп, оқырмандардың сұранымын қанағаттандырып тұрады. Оқу залының кітапханашысы жас маман иесі Жұматаева Жанна Бейбітқызы өзекті мәселелерге арналған әдебиеттердің ашық кітап қорымен жұмыс жасай отырып, залда ұйымдастырылған кітап-сурет панорамаларын келушілерге тұрақты насихаттап шолулар, әңгімелер ұйымдастырып, жалпы мәдени іс- шаралардың жоғары деңгейде өтуіне тұрақты атсалысады. Егер оқырман керекті деректерді оқу залынаң жедел таба алмаса, Интернеттен толық тақырыптық мәліметтер қорынан электронды құжаттардың көшірмесін алуға рұқсат беріледі. Бөлімге кеушілер саны жоғары болуына байланысты, оның негізгі ісі оқырмандарға қызмет көрсетуге бағытталған. Сонымен қоса, жоғарыда аталғандай бұқаралық жұмыстарға да көп көңіл бөлінеді, қазақ тілінің дамуымен насихатталуына, қазіргі кезеңнен және тарихты үйренуге арналған мәдени шаралар ауқымды жүргізіліп тұрады. Оқырмандардың кітапты үйге алып оқу үшін сұраныстарын қамтамасыз ететін арнаулы абонемент бөлімі жұмыс істейді. КАБИС бағдарламасы арқылы жаңа техналогиямен жұмысты тез арада жүргізуге мүмкіндік берілуде. Сондықтан да абонемент бөлімі озық техналогиямен жұмыс атқарудың бастапқы буыны болып табылады, яғни оқырман ең алдымен оқырман билетін осы бөлімнен алады. Ол үшін кітапханаға жеке басты куәландіратын құжат бойынша және мекен-жайы туралы анықтама арқылы жазылады. Оқырман билеті кітапханаға келген сайын көрсетіледі. Бұл бөлімде ересектер мен жасөспірім оқырмандар гуманитарлық бағыттағы кітап қорын кеңінен пайдалана алады. Абонемент бөлімінде жасөспірімдер кафедрасы және ересектер кафедрасы оқырмандарға тұрақты қызмет көрсетеді. Осы кітапханада 20 жылға жуық еңбек етіп, өзіндік қыр - сыры мол мамандықты жанына серік еткен Тұғышова Гүлнар білікті де, білімді маман, жас кітапханашыларды үйретуден жалыққан емес. Бөлімде көпшілік оқырмандармен жедел ақпараттармен қатар, кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарды ай сайын тұрақты насихаттап «Жаңа кітаптар» көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды таңыстырып отырады. Бөлім қызметкерлері ұйымшылдықпен еңбек етіп, оқырмандарға бүгін , қазір, тез, сапалы жоғары деңгейде қызмет көрсетуді алдарына мақсат етіп қойған.Балалар бөлімі мектеп жасындағы оқырман топтарына және балалар оқуының жетекшілеріне арнайы қызмет көрсетеді. Балалар бөлімінің кітап қоры 1-4 , 5-7, 8-9 сынып оқырман топтарына қарай бөлініп, мазмұны жағынан бай әр түрлі ертегілер, батырлар жыры, жаңылтпаштар, анықтамалар қорымен және мерзімдік басылымдармен толықтырылған. Жоғарыда атап өткендей балалар оқуына жетекшілер : мұғалімдер, балалардың ата- аналары және тәрбиешілер кітапханадан өздеріне керекті әдебиеттерді алып балаларды кітап оқуға баулиды.Балалар бөлімінде жас маман Жөндел Риза, оқырмандарды өз бетінше ізденуге , үнемі үйретеді, қазақ және орыс тілдерінде кітапханаға саяхат ұйымдастырылып, кітап көрмелері мен кітапханадағы кітап қорымен жас жеткіншектерді таныстырып , кітап оқуға үнемі жетекшілік етеді. «Қазақстан- туған өлкем, Отаным», « Сұрақтарға 1000 түрлі жауап», « Сенің көңілді кітап бағың», «Бүлдіршіндер бұрышы», «Танысыңыздар! Бәрі де сіздер үшін» «Бәрін білгім келеді», «Ертегілер әлемінде», «Кітап . Кітапхана . Жанұя » атты тұрақты көрме панорамалары бүл бөлімде оқырмандар үшін ұйымдастырылған. Жерлес ақын-жазушылардың өмірі мен қызметі жайында кеңірек таныстырылып әңгімелер, шолулар өткізіліп тұрады.

 

 


 

КІТАП ҚОРЫН ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРУ БӨЛІМІ.

Кітап қоры кітапхананың ұйымдастыратын негізі болып саналатын бөлім. Кітап қорын толықтыру мәселесі ерекше назар аударуды қажет ететін күрделі іс. Кітап қорын толықтыру жөнінде методикалық көмек көрсетудің белсенді формасының бірі, жергілікті жердегі кітапханаларға барып әдістемелік көмек көрсетіп отыру. Мұндай көмек көрсету нәтижесінде кітапханадағы кемшіліктерді тез түзету бағытындағы нақты шаралар қолданылады. Облыстық кітапханадан келіп түскен әдебиеттерді бұл бөлім әр кітапханаға өңдеп, бөліп, таратып беріп отырады. Сондай-ақ бұл бөлім әріптік , жүйелік каталогтарға келген кітаптардың карточкаларын өңдеп құйып отырады. Ескірген кітаптарды кітап қоры есебінен шығарып, тазартып отырады.Кітапхана ақпараттық баспа құжаттар мен көне қолжазбалардың реттелген қорын , сондай-ақ электронды жеткізілімдерді, құжаттарды жайғастырып, әрі оларды уақытында пайдаланушы мекен. Бұл бөлім қазіргі өмір талабына сай КАБИС бағдарламасы арқылы электронды кітап қорын ұйымдастырып жұмыстар атқаруда.Бөлімді 1995 жылдан бері 30 жылдан астам еңбек өтілімі бар тәжірбиелі маман иесі Алтынбекова Тәпен басқарып келген. Әр кітапты көзінің қарашығындай сақтап, кітап қорының ұлғайуына, әр сала бойынша ретпен орналасуына үлкен жауапкершілікпен қарайтын бірден- бір кітап жаңашыры 2011 жылы зейнеткерлікке шықты. Орнына 21 жылдық еңбек өтілімі бар, тәжірбиесі мол кітапханашы Тәкенова Майра бөлім меңгерушісіне тағайындалып кітап қорын сақтау , толықтыру мен қалыптастыруда өз үлесін қосып, жаңадан келген әдебиеттерді өңдеп аудан кітапхана филиалдарына таратуда . Барлық әдебиеттерді жинақтап, каталогтарға карточкалар арқылы орналастырып, альфавиттік және жүйелік каталогтардың дұрыс ұйымдастыруын қадағалайды. Жаңа КАБИС бағдарламасымен жұмыстар атқарып , озық техналогияның әдіс тәсілімен жүйелі еңбек атқаруда. Үлгілік ауыл кітапханасына сай іс жүргізуде, бұл бөлімнің көтеретін жүгі де өте ауыр. Кітапханашы жоғарғы білімді маман Ибрайжанова Жалын Ермекбайқызы бөлім меңгерушісінің оң қолы десе де болады. Жаңа түскен кітаптарды өңдеу жұмыстарың жұзеге асырып , карточкаларды каталогтарға құю әдебиеттерді кітапхана бөлімдеріне, кітапхана – филиалдарына бөлу жұмысымен шұғылданады.Сондай-ақ бөлімде 35 жылдан астам еңбек өтілі бар, ардагер кітапханашы Сүлейменқұлова Кәкен өз ісін жетік білетін білікті маман кітапхана ісін жастарға үйретуден жалыққан емес.Кітапхананың ыстық - суығына төзіп, осы уақытқа дейін еңбек етіп, кітапхана ісінің қыр- сырын жас кітапханашылар Замира, Риза, Жанна, Ардақ сынды жастарға тынымсыз үйретуде. Жаңа техналогияны жақсы меңгерген кітапхана ісіне деген ынтасы зор, еңбекқор, іздемпаз маман Чукаева Сауленің әлі де үйренері көп. Жаңа түскен әдебиеттерді КАБИС бағдарламасы арқылы кітап қорын электронды каталогқа енгізіп, жаңа озық ақпараттық - техналогияны меңгерген, 22 жылдық еңбек өтілі бар, жоғары білімді тәжірбиелі маман кітапхана ісін жаңаша жетілдіруге өз үлесін қосуда. Кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптарды санап қабылдап, КАБИС бағдарламасы бойынша электронды каталогка енгізіп, кітапхана филиалдарына тарату жұмыстарын тиянақты орындайды.

 

 


 

АҚПАРАТТЫҚ – БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БӨЛІМ.

Ақпараттық –библиографиялық бөлімі 2009 жылдан бастап ҚАКАЖ / КАБИС бағдарламасымен жұмыс жүргізіп келеді. ҚАКАЖ бағдарламасының мақсаты тек қана кітап қорын электронды жүйеге енгізу ғана емес баспасөз бетіндегі мақалаларды да енгізе отырып оқырмандарға ұсыну. Жергілікті «Атамекен», облыстық «Жетісу», республикалық «Егеменді Қазақстан» беттерінде жарық көрген аудан туралы шыққан мақалаларды «Мақалалар картотекасы» модуліне енгізіп отырады.«Мақалалар картотекасы» модулі қызметіне қойылатын талаптар: газеттер мен журналдардағы мақалалардың библиографиялық сипаттамаларына арналады. Негізгі мақсат оқырмандарға әр түрлі тақырыптағы мәліметтерді электрондық каталог арқылы жеткізіп отыру.Сонымен қатар көрнекті құрал арқылы слайд, дискі, дискеттер, сурет құжаттары, көрме панорама, вертуалды көрмелер арқылы оқырмандарға насихатталынады.Жас маман иесі библиограф Оспанбаева Гүлзира, бөлімде 2009 жылдан бастап қызмет атқарады .Білімі арнаулы орта , қазақ мемлекеттік Қыздар педогогикалық университетінде сырттай оқиды. Бөлімдегі барлық мақсатты жұмыстарды жүзеге асыру жолында кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, электрондық ресурыстарға оқырмандардың еркін қол жеткізуіне мүмкіндік жасауда.Бұл бөлімде жаңа түскен кітаптарға тоқсан сайын « Жаңа кітаптар » бюллетені шығарылып, мекемелерге, мектептерге насихатталып, «Хабарлама күні», « Мамандар күні», «Библиография күні », «Ашық есік күні » өткізіліп тұрады. Бөлімде 150 –ге жуық атаулы басылымдар бар болса, «Мерзімді басылымдар» картотекасы тұрақты жүргізіледі.С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы «Библиографиялық құрал жәрмеңкесі -2010» атты облыстық байқау жариялап, осы байқауға Жамыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы «Ардагерлер алтын қорымыз» атты библиографиялық құрал шығарып облыстық жәрмеңкеге ат салысып, бағалы құнды сыйлықты иеленді. Дәстүрге айналған ақын-жазушылармен өткізілген түрлі кештер, кітап презинтацияларына т.б мәдени іс- шараларға сценарий құрастырылып, кітапханада және Қарасай атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылатын кітап панорамаларына жобалар жасалады. Қазақстанда аталып өтілетін және еске алатын күндер тізбесі жыл сайын құрастырылып, аудан кітапханашыларына көмекші құрал ретінде таратылып беріліп тұрады.

 


ИНТЕРНЕТ ЗАЛ.

Кітапхана ісінде жаңа технологияны пайдалануды меңгере отырып , КАБИС бағдарламасы арқылы автоматтандыру бағытында интернет ресурстарын толық игеріп, әлем жаңалықтарымен хабардар болуға қол жетті. Интернет залында жас маман Ибраймова Ардақ Сарсенқызы оқырмандарға озық техналогияны насихаттай отырып, қазіргі таңда жаңаша бағытта еңбек етуде. Интернет арналары арқылы кітапхана кітаптардың электронды көшірмелеріне қол жеткізу мүмкіндігімен қамтмасыз етуге бейімделген. Сондықтан да кітапхана міндеті азаматтардың әлеуметтік жағдайына , тұрғылықты орнына қарамастан, олардың жедел ақпарат алуына жағдай жасалуда. Кітапхана жаңа заманауи озық техналогиялық жабдықтармен жарақтандырылған. Интернет бөлімінде КАБИС бағдарламасы аясында ВоокSсап «Бубскан» атты бағдарлама бойынша жұмыс атқарылады. Сонымен қоса интернетпен жұмыс жүргізетін оқырмандардың сұранымын қанағаттандырылып, оқырман картотекасы құрылып, келген оқырмандар тіркелуде.«Мәдени мұра» , сирек басылымдар, құнды кітаптарға , электронды кітап қорын сканер арқылы толықтырады.

 


ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ.

Кітапхана ісіне басшылық жасаудың жалпы жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі кітапханаларға әдістемелік көмек көрсете отырып, үйлестірушілік және ұйымдастырушылық әдістемелік орталық болып саналады. Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасында әдістемелік басшылықты ұйымдастыру функциясы «Облыстық кітапхананың әдістемелік басшылығы жөніндегі ереже» бойынша жүргізіледі.Кітапхана ісін дамытатын ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламаларды, зерттеулерді әзірлеуге кітапхана саясатын және тәжірбиесін анықтайтын құжаттарды бөлім жүргізе отырып , ол төмендегідей жұмыстың негізгі бағыттары аясында атқарылады.

- Аудандағы кітапхана филиалдарына әдістемелік көмек көрсету.

- Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

- Жұмыстын жаңаша иновациялық түрлерін енгізу;

- Кітапхананың жаңа техналогиясын жетілдіру;

- Озық іс - тәжірибелер тарату;

Сонымен қатар аудан кітапханаларының есеп жұмыстарын саралау және талдау, кітапханалық жоспар құру, бағыт - бағдар беру, іс-шаралар сценарийі, жобаларын жасау.

Директор кеңесі, іс - тәжірибелік семинарлар, дөңгелек үстелдер, ауқымды мәселелерге талдаулар , тренинг, брифингтер, мамандық шеберлігі байқауы жүргізіліп тұрады. Атап айтсақ Жамбыл ауданының құрылғанына 80 жыл толу мерекесіне орай «Ауданның ақын –жазушылары», «Даңқты тұлғалары», «Жамбыл ауданы қазақ ордасының қазаны қайнаған қасиетті өлке», «Ардагерлер алтын қазынамыз», «Сталинград шайқасы», «Бабалар ерлігі ұрпаққа өнеге», «Ұлағатты ұлылар» атты әдістемелік құралдар шығарылды.

Бөлімді 1977 жылдан бері тәжірибелі маман Құрпанова Гүлсім басқарып келеді. Аудан кітапханаларының есебін сараптау, статистикалық есеп жұмысын бір жүйеге келтіру жұмысына айрықша мән беріп, кітапханашыларға әдістемелік көмек көрсетіп отырады.

Кітапхана саласындағы атқарған еңбектері бағаланып, қызметтік міндеттерін мінсіз, дұрыс және адал орындағаны үшін , бірнеше рет аудандық, облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хаттарын иеленсе, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «КІТАПХАНА ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» құрмет дипломымен марапатталған.

Бөлім меңгерушісі Амиралиева Назира Ақылбекқызы 2007 жылдан бері аудан кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетіп, абыройлы еңбек ете жүріп, жастарға үлгі болуда. Атқарылған әр істе ұйытқы болып , жастарға кітапхана мамандығының қыр - сырын жете үйретіп, әр істің жан-жақты дамуына мүмкіндік жасап жүрген маман. Белгіленген жоспар аясында аудан кітапханаларына әр түрлі тақырыпта кітапханалық жұмыс түрлерін дайындау арқылы жетекшілік қызметті жан - жақты атқарып келеді.

Ауданда ұйымдастырылған түрлі мәдени іс-шараларға белсене қатысқаны үшін Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапатталған маман иесі.

 


Ауылдық кітапханалар.

Айдарлы кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапханада 2 маман жұмыс істейді Матаева Мақпал - кітапхана меңгерушісі, Ибраймова Салтанат - кітапханашы.Кітапханадағы кітап қоры - 7093 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 2264 дана.

Ақтерек кітапхана - филиалы шаруашлық мекемесінде орналасқан .2 кітапханашы қызмет атқарады. Кітапхана меңгерушісі - Шортанбаева Күлжәміш , Сағындықова Әлия кітапханашы.Кітапханадағы кітап қоры - 15508 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер -7423дана.

Аққайнар кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапханада 2 маман жұмыс істейді Көкекова Роза - кітапхана меңгерушісі, Садыркулова Рая - кітапханашы .Кітапхана жаңа технологияны игере отырып, КАБИС бағдарламасымен жұмыс атқаруда. Білім мен руханият бұлағын сусындатар ошағында қазақ халқының салт- дәстүрін , өнерін насихаттау аясында « Ісмерлік» клуб жұмыс атқаруда.Кітапханадағы кітап қоры - 6863 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 2375 дана.

Ақсеңгір кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапханада 2 маман жұмыс істейді Нұрданова Баян - кітапхана меңгерушісі , Тургенбаева Айман- кітапханашы. Кітапханадағы кітап қоры - 8806 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер -1637 дана.

Беріктас кітапхана - филиалы Қ. Қармысов атындағы мәдениет үйінде орналасқан.Кітапханада 2 маман жұмыс істейді Нусипова Гулжамал- кітапхана меңгерушісі , Абдижанова Айгүл – кітапханашы.Кітапхананың кітап қоры - 7904 дана , оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттер саны -2737 дана.

Дегерес кітапхана - филиалы орта мектеп ғимаратында орналасқан. Кітапханада 2 маман жұмыс істейді Жапарова Светланна - кітапхана меңгерушісі , Усабаева Қызжан - кітапханашы Кітапханадағы кітап қоры - 8629 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 2875 дана.

Жамбыл кітапхана - филиалы мәдениет үйінде орналасқан.Кітапханада 2 маман жұмыс істейді Тойбаева Шынар - кітапхана меңгерушісі , Анарбекова Перизат – кітапханашы.Кітапхана жаңа технологияны игере отырып, КАБИС бағдарламасымен жұмыс атқаруда. Жыр алыбы Жамбыл музейі орналасқан мекен - мәдени орталықтың ұйытқысы істептес. Келушілерге кітапхана есігі айқара ашық. Кітапхананың кітап қоры - 13731 дана , оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттер саны 5146 дана.

Каракастек кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапханада 2 маман жұмыс істейді Сахаева Айтжамал - кітапхана меңгерушісі , Мәдіғұлова Бақыткүл – кітапханашы. Каракастек ауылында Сүйінбай Аронұлының мұражайы жұмыс істейді.Кітапханадағы кітап қоры - 8996 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 2638 дана.

Қарасу ауылдық - кітапхана филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапхана меңгерушісі - Чибетаева Жанар.Кітапханадағы кітап қоры - 10166 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер -3430 дана.

Талап кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапханада 2 маман жұмыс істейді Абдрахманова Данышпан - кітапхана меңгерушісі , Мамутова Зулфия - кітапханашы Кітапханадағы кітап қоры -3915 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер-1074 дана.

Мәтібұлақ кітапхана - филиалы мәдениет үйінде орналасқан. кітапхана меңгерушісі - Өмирсерикова Гулмира , Абдрахимов Ербұлан кітапханашы.Кітапхананың кітап қоры - 7518 дана , оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттер саны -2143дана.

Горный кітапхана - филиалы мәдениет үйінде орналасқан. Бейсенбаева Марал кітапханашыКітапхананың кітап қоры - 9994 дана , оның ішінде мемлекеттік тілдегі әдебиеттер саны-4777 дана.

Мыңбай кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапханада 2 маман жұмыс істейді Мукажанова Шолпан - кітапхана меңгерушісі , Чилманбетова Роза - кітапханашы Кітапханадағы кітап қоры - 12291 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 2381 дана.

Самсы кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапханада 2 маман жұмыс істейді Махетова Сауле - кітапхана меңгерушісі , Исабаева Эльнур - кітапханашы Кітапханадағы кітап қоры - 6060 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер -2650 дана.

Тарғап кітапхана - филиалы шаруашлық мекемесінде орналасқан.Молдагожина Фатима кітапханашыКітапханадағы кітап қоры - 5765 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 3736 дана.

Үлгілі кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапхана меңгерушісі – Манжибаева Айгүл.Кітапханадағы кітап қоры - 7042 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 3687 дана.

Таран кітапхана - филиалы дәрігерлік қосында орналасқан 2 кітапханашы жұмыс істейді Тауасарова Ақбота - кітапхана меңгерушісі , Валиева Ханиза - кітапханашы . Кітапханадағы кітап қоры - 7121 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 2107 дана.

Үңгіртас кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапхана меңгерушісі – Асылбекова Кульшар, Қалжанова Қаракөз - кітапханашы. Кітапханадағы кітап қоры - 5047 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер- 1133 дана.

Қазбек  кітапхана - филиалы шаруашлық мекемесінде орналасқан Кітапхана меңгерушісі - Сауытбаева Тілектес, Джаубасарова Мэри – кітапханашы.Кітапханадағы кітап қоры - 8491 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер -2679 дана.

Шиен кітапхана - филиалы дәрігерлік қосында орналасқан 2 кітапханашы жұмыс істейді Жантаева Жұмақыз - кітапхана меңгерушісі , Саландиева Гульнар - кітапханашы. Кітапханадағы кітап қоры – 13168 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер – 5839 дана.

Қарғалы кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапхана меңгерушісі – Чингисбаева Күміскүл, Илипова Зағира – кітапханашы. Кітапханадағы кітап қоры -11674 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 2789 дана.Үмбетәлі кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапхана меңгерушісі – Абжалилова Зағиша, Баулышова Эленора - кітапханашы .Бүл елді мекенде атақты ақын атындағы Үмбетәлі мұражай орналасқан. Мұражайды белгілі ақын Надежда Лушникова басқарады.Кітапханадағы кітап қоры - 16742 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 4230 дана.

Үлкен кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапхана меңгерушісі – Тоқбергенова Гулзағира , Шеикина Татьяна - кітапханашы Кітапханадағы кітап қоры - 4760 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 807 дана

Сартауқұм кітапхана - филиалы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Жарықбасова Гулмира кітапханашы.Кітапханадағы кітап қоры - 2992 дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер - 1276 дана.



 

 


Отдых для всех